ЖОБАСЫ

1. Жалпы ережелер

«Колледждерде модульдік-кредиттік оқыту технологиясын енгізу жағдайында силлабустарды әзірлеу ерекшеліктері» атты педагогтардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (БББ) педагогтарды белгілі тұжырымдармен, тәсілдермен таныстыруды көздейді және оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып, силлабустарды әзірлеу бойынша практикалық ұсыныстарды береді.

 Курс ТжКБ ұйымдарына модульдік-кредиттік оқыту технологиясын енгізу кезінде оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін силлабустарды әзірлеуде практикалық мәселелерді шешуге нақты көмек көрсетуге бағытталған.

ТжКБ ұйымдарының қызметкерлеріне ұсынылады: басшыларға, педагогтерге, инженерлік-педагогикалық қызметкерлерге, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеумен айналысатын, сондай-ақ модульдік-кредиттік оқыту технологиясымен оқу процесін ұйымдастырумен айналысатын жұмысшыларға.

Курс тыңдаушыларын оқыту нәтижелері:

Модульдік-кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктерін біледі және алған білімдерін ОӘК әзірлеуде, атап айтқанда, Силлабус, студентке арналған пән бойынша оқу жоспарын жасау кезінде қолдануға дайын.

Біз заманауи талаптарға сай жасалған, қажетті білім сапасын қамтамасыз ететін, процеске қатысушылардың үмітін қанағаттандыратын, оның ішінде оқытылатын пәннің сипаттамасын, пәннің мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оқу тақырыптары мен оларды оқу ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушының білімін тексеру кестесін, оқытушының талаптарын, білім алушының білімін бағалау өлшемшарттарын және әдебиеттер тізімін қамтитын Силлабустарды әзірлеуге және енгізуге дайын.

Пайдалана алады: оқу материалының мазмұны мен қалыптасуын анықтау бойынша, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша педагогика ғылымының қазіргі жетістіктерін; стейкхолдерлердің қажеттіліктеріне негізделген оқыту нәтижелерін анықтау құралдарын (ҰБЖ: ҰБШ, СБШ, КС); модульдік-кредиттік оқыту технологиясының талаптары негізінде оқу үдерісін жоспарлауды.

Оқу материалын бөлу және оларды кредитте өлшеу принциптерін біледі. Модульдік оқытуда оқыту нәтижелерін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың принциптері мен артықшылықтарын түсінеді.

5. Бағдарламаның құрылымы және мазмұны

Бағдарлама 6 негізгі модульден тұрады:

1) Қазіргі кезеңдегі техникалық кәсіптік білім берудің даму ерекшеліктері;

2) Модульдік-кредиттік оқыту технологиясының негіздері;

3) Силлабус құруға дайындық процестері;

4) Оқытудың құралдарын, әдістері мен нысандарын таңдау, негіздеу, олардың силлабуста бейнеленуі;

5) Пән бойынша оқу нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау ерекшеліктері;

6) Пән бойынша Силлабус құру.

    Курс дөңгелек үстел арқылы тыңдаушылардың оқу нәтижелерін бағалаумен және оқу нәтижелерін тестілеумен аяқталады.

Курстың оқу жоспары

Модульдің атауыМодульдің мазмұныСағаттар саны
1.Қазіргі кезеңдегі техникалық кәсіптік білім берудің даму ерекшеліктеріӘлемдік кәсіптік білім берудегі негізгі трендтер. Ұлттық кәсіптік білім берудің басымдықтары. ТжКБ ұйымдарының білім беру қызметін регламенттеу және оларды нормативтік-әдістемелік сүйемелдеу. Студентке бағытталған оқыту. Білім сапасын қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер (дараландыру, жекелендіру, оқытуды саралау және т.б.)  6
2.Модульдік-кредиттік оқыту технологиясының негіздеріМодульдік оқытудың мәні, қағидалары, негізгі тәсілдері. Оқу материалын бөлу және оларды кредиттермен өлшеу қағидалары. Модульдік-кредиттік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде туындайтын негізгі мәселелер. Силлабуста Ұлттық біліктілік жүйесі қағидаларының көрініс табуы.  6        
3.Силлабус құруға дайындық процестеріПедагогикалық дизайн түсінігі. Силлабусты әзірлеуде педагогикалық дизайнның негіздерін қолдану. Мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін, оның құзыреттілігін және күтілетін оқу нәтижелерін талдау. Оқу материалының мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес материалдарды талдау және құрылымдау. Курстың элементтерін, стилін және көрнекі дизайнын құру. Педагогикалық дизайнның принциптері.  12
4.Оқытудың құралдарын, әдістері мен нысандарын таңдау, негіздеу, олардың силлабуста бейнеленуіКурс бойынша оқу материалдарын жобалау, құру және бағалауда педагогикалық дизайнның негіздерін қолдану. Тиімді жұмыс туралы білімді пайдалану, «ашық архитектурамен» оқу процесін құру және шынайы оқу ортасын құру. Оқыту әдістерін таңдаудағы Блум таксономиясының рөлі.  18
5.Пән бойынша оқу нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау ерекшеліктеріСтуденттің оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи тәсілдері. Баллдық-рейтингтік бағалау жүйесінің ерекшеліктері. Модульдік оқытудағы диагностикалық, формативті, жиынтық бағалау. ОН тұжырымдау үшін Блум таксономиясын қолдану. Ойлау дағдылары топтарында белсенді етістіктерді дұрыс қолданудың маңызы. Тесттер мен тапсырмаларды, бақылау құралдарын және ақпаратты жинауды әзірлеу. Материалдардың нәтижелері мен тиімділігін бағалау әдістерін әзірлеу.18        
6.Пән бойынша Силлабус құруСиллабустың құрылымы мен мазмұны. Силлабусты тараулар бойынша құрастыру ерекшеліктері: — Курстың сипаттамасы. Пәннің көлемін, негізгі тақырыптарын, түсінігін анықтау, сонымен қатар пән материалдары туралы ақпарат беру. — Оқыту нәтижелері. Курс бойынша ОН ұйымның миссиясымен, осы ұйымның түлегі атрибуттарымен, бағдарламаның/курстың мақсаттарымен және білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелерімен сәйкестігі. — Курстың мазмұны мен құрылымы. Мазмұнның кәсіби стандарттарғаМЖМБС, ББ талаптарына, аккредиттеу органдарына және т.б. бағдарлану дәрежесі. — Оқыту және сабақ беру әдістері. Силлабуста оқытушылар мен студенттердің академиялық еркіндігі қағидаттары талаптарын орындау (СБЖ қағидалары). Таңдалған оқыту және сабақ беруәдістері арқылы оқыту нәтижелеріне қол жеткізу. — Бағалау саясаты және тапсырмалардың сипаттамасы. Бағалаудың негізгі принциптері мен өлшемшарттарын сақтауы (сенімділік, ашықтық, негізділік, өзектілік, инклюзивтілік, әртүрлілік және т.б.). — Курстың саясаты. Оқытушының педагогикалық құндылықтары мен оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс бағыттылығының бейнелену деңгейі. Академиялық адалдық. Сабаққа келу және қатысу. Студенттің әл-ауқатын қолдау. Тапсырмаларды кеш тапсыру/емтихандарды қайта тапсыру. Ноутбуктер мен ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану. Инклюзивтілік. Ерекше қажеттіліктері бар студенттердің тапсырмаларды/емтихандарды тапсыру шарттары. — Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі. Өзекті, соңғы және сенімді әдебиет көздерін таңдау басымдығы.  18
 Тыңдаушылардың оқу нәтижелерін бағалауҚорытынды дөңгелек үстел: Силлабус әзірлеу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу. Тыңдаушыларды формативті бағалау/Тыңдаушыларды тестілеу. Сертификаттарды беру.2 ч
  Барлығы80
Рубрики: Программы

0 комментариев

Добавить комментарий

Avatar placeholder

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ru_RUРусский