Жоба
«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде» Білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру курсының оқу бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты:
Білім сапасын қамтамасыз етудің күтілетін нәтижесімен педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беруді жаңғырту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігінің жаңа сапалы жағдайының, оның зияткерлік мәдениетінің және сапа мәдениетінің жаңа сапалы жағдайын қалыптастыруды қолдау.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Білім сапасын қамтамасыз етудің заңнамалық, нормативтік-құқықтық және тұжырымдамалық негіздерін зерделеу және жұмыста пайдалану;
2) білім берудегі сапаны қамтамасыз ету үлгілерін және олардың негізгі қағидалары мен құндылықтарын білу;
3) сапаны қамтамасыз ету рәсімдері мен құралдарын талдай білу және оларды педагогтардың практикалық қызметінде қолдана білу;
4) нақты білім беру ұйымы үшін сапаны қамтамасыз ету үлгісін құру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру;
5) білім деңгейі бойынша сапаны қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі рәсімдерінің ерекшеліктерін талдау;
6) білім беру сапасын мониторингілеу және бағалау.
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері
- Педагогтардың келесі қабілет пен дағдыны меңгеруі:
— білім беру сапасын қамтамасыз етуді жоспарлау және үйлестіру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасау және олардың практикалық қызметін қолдану үшін құқықтық дағдыларға ие болу;
— сапаны бағалаудың заманауи тәсілдері мен әдістерін бағалау;
— ұйымдағы білім сапасының ағымдағы жағдайын талдау;
— өзінің және білім беруді ұйымы қызметін, оның білім беру бағдарламасы мен тәжірибесін жетілдіру үшін әртүрлі бағалау түрлерінің нәтижелерін талдау және пайдалану.
— білім деңгейі бойынша сыртқы және ішкі сапаны қамтамасыз ету рәсімдерінің ерекшеліктерін меңгеру;
— халықаралық және ұлттық стандарттар негізінде өз оқу орныңызда білім сапасын бағалау жүйесін құру.
«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде» курсының бағдарламасы
№ № | Модуль атауы | Модуль мазмұны | Сағ Аты |
1 | Қазақстан Республикасындағы білім сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету жүйелерін реттейтін қазіргі жағдайы мен нормалары (сапаны қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын және стандарттарды ескере отырып). | 1.1 Білім сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан білім берудегі заманауи парадигмалар мен трендтер. Білім беру деңгейі бойынша сапаны қамтамасыз ету жүйелері саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелерін талдау. 1.2 Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің ерекшеліктері. ТжКБ жүйесі үшін орта білім беруді бағалаудың ұлттық шеңберінің рөлі. 1.3 Педагогтың кәсіби стандарты. Білім сапасын қамтамасыз ету саласында колледж педагогтерінің кәсіби функцияларын жүзеге асыруға байланысты мақсат қою және міндеттерді тұжырымдау. 1.4. Білім сапасының халықаралық және ұлттық зерттеулерінің нәтижелері, мәселелері және шешімдері (Қазақстан бойынша). | 8 |
2 | Білім сапасын қамтамасыз ету және бағалау үлгілері. | 2.1 Сапаны қамтамасыз ету үлгілері (PDCA, TQM және т.б.), олардың негізгі қағидалары мен құндылықтары. Білім беру үдерісінің сапасын басқару жүйелері. 2.2 Білім сапасына педагогикалық әсер етудің формалары мен әдістері. Сапаны қамтамасыз ету контекстіндегі білім деңгейлерінің ерекшеліктері мен оның миссиясы арасындағы байланыс. Білім сапасына педагогикалық әсер ету дағдыларын қалыптастыру тәжірибесі. 2.3 Көзқарасты басқару. Жоспарлау және теңдестірілген нәтижелерге қол жеткізу. Тұтынушылар үшін құндылықтар жасау. Құрылымдық және стратегиялық үйлестірілген үдерістер арқылы басқару. Үдеріске қатысушылардың мақсатқа жетуі. Шығармашылық пен инновацияны ынталандыру. Ортада сенімді қарым-қатынас орнату. Шешімдер үшін жауапкершілік қабылдау және т.б. 2.4 Сапаны қамтамасыз ету рәсімдері. Сапаны қамтамасыз ету құралдары. Оқыту мен білім сапасын арттыру үшін жүйелік талдау. Нақты білім беру ұйымы үшін сапаны қамтамасыз етудің нақты үлгісін құрудың практикалық дағдыларын қалыптастыру (курс тыңдаушыларының қызмет бағыттары бойынша). | 24 |
3 | Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі, жоспарлау, аудит және бағалау. | 3.1 Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі: негізгі мәселелер мен шешімдер. 3.2 Білім беру ұйымдарының сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін құру технологиясы және жүргізу әдістемесі. 3.3 Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі ұйымдардың сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жобалау ерекшеліктері. Оқытуды жақсарту үшін педагогтың жұмысындағы аналитика. Оқытуды жақсарту үшін жүйелік талдау. 3.4 Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің стандарттары, индикаторлары мен өлшемшарттары. | 24 |
4 | Білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы жүйесі, аудит және бағалау | 4.1 Білім деңгейі бойынша сапаны қамтамасыз ету рәсімдерінің сыртқы жүйесінің ерекшеліктері. 4.2 Аккредиттеу рәсімдері. Институционалдық көзқарас, миссия және стратегия. 4.3 Білім беру ұйымын дайындау ерекшеліктері және білім беру ұйымының сыртқы сапаны қамтамасыз ету жүйесін сүйемелдеу әдістемесі. 4.4 Сапаны қамтамасыз етудің сыртқы жүйесінің стандарттары, индикаторлары мен өлшемшарттары. | 16 |
Дөңгелек стол | Халықаралық және ұлттық Білім сапасын зерделеу нәтижелері, қиындықтары және шешу жолдары Білім сапасын қамтамасыз етудегі педагог ролі. | 4 | |
Білімді бағалау | Тестілеу немесе жеке (топтық) жобаларды қорғау | 4 | |
Барлығы, Бағдарламадағы сағат саны | 80 |
0 комментариев