Мақсаты: қазіргі заманғы халықаралық психологиялық-педагогикалық технологияларды қолдану және білім беру процесінде нәтижелерді талдау арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен білім беру ұйымдарында арнайы педагогтардың (Логопед — мұғалімдердің) кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1) Арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттарын айқындау;
2) Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен диагностикалық қызметте Логопед-мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру;
3) Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың әртүрлі санаттары үшін сөйлеуді түзету маршруттарын жасау бойынша дағдыларды жетілдіру;
4) қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген денсаулығы шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастыруда интерактивті технологияларды қолдану;
5) АСБ бар балаларда сөйлеуді дамыту үшін АВА әдістемесін қолдану.Ожидаемые результаты:
Күтілетін нәтижелер:
1) Арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді біледі;
2) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс кезінде диагностика мен логопедиялық диагноз қоюдың мазмұны мен тәсілдерін түсінеді.
3) Қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолданады;
4) оқыту мен тәрбиелеу процесінде заманауи тәсілдерді қолдану негізінде Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда логопедиялық сабақты жобалаудың практикалық білімі мен дағдыларын көрсетеді;
5) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстар мен халықаралық әдістемелерді пайдаланады.
Курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы | Дәрістер Сағат саны | Тәжірибелік сабақтар Сағат саны | Видео-презентация | Тестілеу | Барлығы |
Диагностикалық тестілеу Бағдарлама бойынша құзыреттердің бастапқы деңгейін бағалау | 1 | 1 | ||||
1 | Модуль 1. Логопед-мұғалімнің педагог қызметкер ретіндегі қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар | 4 | 2 | 6 | ||
1.1 | Арнаулы орта білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының талаптары аспектісінде педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. | 2 | ||||
1.2 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психикасының даму заңдылықтары | 2 | 2 | |||
2 | Модуль 2 Логопед – мұғалімдердің диагностика дағдыларын арттыру саласында оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру | 24 | 20 | 4 | 48 | |
2.1 | Логопедиялық пунктті ұйымдастыру негіздері және оған қойылатын талаптар. Арнайы мекемелер жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру және мазмұны. | 2 | 2 | |||
2.2 | Сөйлеу бұзылыстарының клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жіктелуі | 2 | 2 | |||
2.3 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі логопед-мұғалімнің түзету-дамыту технологиялары: анықтамасы мен бағыттары | 3 | 2 | |||
2.4 | АСБ бар балалармен сөйлеуді дамытуда балама коммуникацияны қолдану | 3 | 2 | |||
2.5 | АСБ бар балалармен вербальді қарым қатынасты дамыту үшін АВА әдістемесін қолдану | 3 | 2 | |||
2.6 | Бірлескен зейінді, символдық ойынды, қатысуды дамыту және логопед-мұғалімнің АСБ бар балалармен жұмысындағы реттеуліктер | 3 | 2 | |||
2.7 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің нейропсихологиялық әдістері | 2 | 2 | |||
2.8 | Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда оқу техникасын дамытуда халық ауыз әдебиетің қолдану | 2 | 2 | |||
2.9 | Бейне форматтағы логоротмика тақырыбына арналған демо-сабақтың презентациясы | 4 | 4 | 4 | ||
3 | Модуль 3. Логопед мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығы мен ІТ құзыреттілігін дамыту | 4 | 5 | 9 | ||
3.1 | Заманауи желілік технологияларды пайдалану. Желілік интерактивті презентациялар жасау | 2 | 2 | |||
3.2 | Логоритмика көмегімен сөйлеуді дамыту әдістерінде АКТ қолдану | 2 | 3 | |||
4 | Модуль 4. Вариативті мазмұн | 6 | 9 | 15 | ||
4.1 | Сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері | 2 | 3 | |||
4.2 | Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды түзету-педагогикалық қолдау | 2 | 3 | |||
4.3 | Игерілген тақырыптар бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау | 2 | 3 | |||
Қорытынды тестілеу | 1 | 1 | ||||
38 | 36 | 4 | 2 | 80 |
0 комментария