Мақсаты: Қазіргі заманғы халықаралық психологиялық-педагогикалық технологиялар мен оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологиялардықолдану және нәтижелерді талдау негізінде орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша арнайы педагогтердің (дефектолог- мұғалімдердің)кәсіби құзыретіліктерін кеңейту.
Міндеттері:
- арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттары мен қағидаттарын айқындау;
- мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін тиімді бағалау;
Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделеу;
- қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдану;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бароқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи тәсілдерді қолдану негізінде білім беру үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсету;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ тапсырмалар сериясына сындарлы кері байланыс беру.
Күтілетін нәтижелері :
- арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын біледі және қағидаттарын айқындай алады;
- мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін түсінеді. Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделейді;
- қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдана алады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалана алады;
- оқыту мен тәрбиеүрдісінде заманауи тәсілдерді қолданунегізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсетеді;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ тапсырмалар сериясына сындарлы кері байланыс береді.
Курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ | Сабақтардың тақырыптары | Семинар | Көшпелі практикалық сабақ | Демо- сабақтың презентациясы /Защита проекта | Тестілеу | Барлығы |
Диагностикалық тестілеу | 1 | 1 | ||||
1 | 1-модуль. Қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері | 4 | 2 | 6 | ||
1.1 | Арнайы орта білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілері. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының талаптары аспектісінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық. | 2 | ||||
1.2 | Ерекше білім беру қажеттіліктерібар балалар психикасының даму заңдылықтары | 2 | 2 | |||
2 | Модуль 2. Білім беру сапасын арттыру саласында оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын дамыту | 24 | 20 | 4 | 48 | |
2.1 | Білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар психологиялық-педагогоикалық қолдаудың ұйымдастырушылық негіздері | 2 | 2 | |||
2.2 | Мектептегі оқу процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін бағалауды және қолдауды ұйымдастырудағы деңгейлі тәсіл. | 2 | 2 | |||
2.3 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы педагогтың түзету-дамыту технологиялары: сипаттамасы және пайдалану бағыттары | 2 | 2 | |||
2.4 | Сабақты жобалаудың негізіндегі педагогикалық технологиялар. Сабақты жоспарлауға қойылатын талаптар | 2 | 2 | |||
2.5 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда тұлғаға бағытталған технологияларды қолдану | 2 | 2 | |||
2.6 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі нейропсихологиялық әдістер | 2 | 2 | |||
2.7 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда Д.Айрестің сенсорлық интеграция әдісін қолдану | 2 | 2 | |||
2.8 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуде жобалық технологиясын қолдану | 2 | 2 | |||
2.9 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың белсенді әдістерін қолдануға негізделген технологиялар | 2 | 2 | |||
2.9 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда денсаулық сақтау технологияларын қолдану | 2 | 2 | |||
2.10 | ЕББҚ бар балаларға арналған бейімделген білім беру бағдарламаларын жобалау және әзірлеу | 2 | 2 | |||
2.11 | Демо-сабақты қорғау. Демо- сабақты презентациялау | 4 | 4 | |||
3 | Модуль 3. Педагогтердің цифрлық сауаттылығын және ІТ құзыреттілігін дамыту | 4 | 5 | 9 | ||
3.1 | Заманауи желілік және бұлтты технологияларды пайдалану. Желілік интерактивті презентациялар жасау | 2 | 2 | |||
3.2 | Ерекше білім беру қажеттіліктері барбалалармен жұмыс жүргізуде АКТ қолдану | 2 | 3 | |||
4 | Модуль 4.Вариативті мазмұны | 6 | 9 | 15 | ||
4.1 | ЕББҚ бар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздері | 2 | 3 | |||
4.2 | ЕББҚ бар балаларды түзету-педагогикалық сүйемелдеу | 2 | 3 | |||
4.3 | Меңгерген тақырыптар бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау | 2 | 3 | |||
Тестідеу | 1 | 1 | ||||
Барлығы: | 38 | 36 | 4 | 2 | 80 |
2 комментария
Серік · 4 декабря, 2024 в 8:16 пп
Білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімдеріне арналған «Білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың(дефектолог- мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту» педагогтердің біліктілік арттыру курсының білім беру ұжымына алғысымыз шексіз мамандар өте білімді түсінікті, анық, екі тілде де жетік, аз уақытта көп білім алдық көп көп Рахмет!!!
Бибинур · 5 декабря, 2024 в 12:42 пп
Білім беру ұйымдарының дефектолог мұғалімдеріне арналған «Білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты педагогтердің біліктілігін арттыру курсы қазіргі білім беру талаптарына сай әзірленіп, мұғалімдер үшін үлкен маңызға ие. Бұл бағдарлама педагогтердің кәсіби деңгейін арттырып, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.