Мақсаты: Қазіргі заманғы халықаралық психологиялық-педагогикалық технологиялар мен оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша арнайы білім беру тәрбиешілерінің кәсіби құзыретіліктерін кеңейту.
Міндеттері:
- арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттары мен қағидаттарын айқындау;
- арнайы білім беру ұйымның балаларына арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін тиімді бағалау;
Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделеу;
- қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдану;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бароқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи тәсілдерді қолдану негізінде білім беру үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда түзету сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсету;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ тапсырмалар бойынша кері байланыс беру.
Күтілетін нәтижелері:
- арнайы білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын біледі және қағидаттарын айқындай алады;
- білім беру ұйымдарында оқыту процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін түсінеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерттейді;
- арнайы білім беру ұйымдарының балаларына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен тәсілдерін және мектепте оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктерін түсінеді. Оларға қолдау көрсету үшін деңгейлік тәсілдің ерекшеліктерін зерделейді;
- қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістері мен технологияларын қолдана алады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен түзету жұмыстары үшін цифрлық ресурстарды пайдалана алады;
- оқыту мен тәрбиеүрдісінде заманауи тәсілдерді қолданунегізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда сабақты жобалаудың тәжірибелік білімі мен дағдыларын көрсетеді;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану және нәтижелерді талдау негізінде әріптестеріне демо-сабақтарға\ практикалық тапсырмаларды орындау арқылы кері байланыс береді.
Курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ | Сабақтардың тақырыптары | Семинар | Көшпелі практикалық сабақ | Демо- сабақтың презентациясы /Защита проекта | Тестілеу | Барлығы |
Диагностикалық тестілеу | 1 | 1 | ||||
1 | 1-модуль. Қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері | 2 | 4 | 6 | ||
1.1 | Арнайы орта білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілері. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының талаптары аспектісінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық. | 1 | 2 | |||
1.2 | «Педагог» кәсіби стандарты, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық | 1 | 2 | |||
2 | Модуль 2. Білім беру сапасын арттыру саласында оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын дамыту | 18 | 30 | 4 | 52 | |
2.1 | ЕББҚ бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы | 1 | 2 | |||
2.2 | Білім беру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар психологиялық-педагогоикалық қолдаудың ұйымдастырушылық негіздері | 1 | 2 | |||
2.3 | ЕББҚ бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың міндеттері мен мазмұны. Психологиялық-педагогикалық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар. | 2 | 2 | |||
2.4 | Ерте жастағы балаларға түзету-дамыту көмегі | 2 | 2 | |||
2.5 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ЕББҚ бар балалардың оқу-тәрбие және түзету процесі | 2 | 2 | |||
2.6 | Тәрбие сабақты жобалауды ұйымдастыру. Сабақты жоспарлауға қойылатын талаптар | 1 | 2 | |||
2.7 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түзету-дамыту технологиялары: жалпы сипаттамасы және пайдалану бағыттары | 1 | 2 | |||
2.8 | Түзету және дамыту оқыту принциптері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық іс-әрекетін және эмоционалды-ерікті саласын түзету бойынша түзету-дамыту тапсырмаларын әзірлеу технологиясы | 1 | 2 | |||
2.9 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда денсаулық сақтау технологияларын қолдану | 1 | 2 | |||
2.10 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда ойын технологияларын қолдану | 1 | 2 | |||
2.11 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудегі нейропсихологиялық әдістер | 1 | 2 | |||
2.12 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-тәрбие және дамытушылық жұмыста PECS жаһандық оқыту әдістемесін және баламалы қарым-қатынас жүйесін пайдалану | 1 | 2 | |||
2.13 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда Д.Айрестің сенсорлық интеграция әдісін қолдану | 1 | 2 | |||
2.14 | Демо-сабақты қорғау. Демо- сабақты презентациялау | 1 | 2 | |||
2.15 | Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау. Демо-сабақтың тұсаукесері (жобаны қорғау) | 1 | 2 | 4 | ||
2.1 | ЕББҚ бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы | 4 | 4 | 8 | ||
3 | Модуль 3. Педагогтердің цифрлық сауаттылығын және ІТ құзыреттілігін дамыту | 2 | 2 | |||
3.1 | Ерекше білім беру қажеттіліктері барбалалармен жұмыс жүргізуде АКТ қолдану | 2 | 2 | |||
3.2 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды «Visme», «Canva», «Power Point»құралдарын пайдалануға оқыту тәсілдері Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда «Kahoot», «Wooclap», «Zoom» цифрлық платформаларын пайдалану ерекшеліктері | 6 | 6 | 12 | ||
4 | Модуль 4.Вариативті мазмұны | 2 | 2 | |||
4.1 | Арнайы (түзету) білім беру ұйымы мен тәрбиеленушінің отбасының өзара іс-қимылын ұйымдастыру | 2 | 2 | |||
4.2 | ЕББҚ бар балаларды түзету-педагогикалық сүйемелдеу | 2 | 2 | |||
4.3 | Меңгерген тақырыптар бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау Тестідеу | 1 | 1 | |||
Барлығы: | 30 | 44 | 4 | 2 | 80 |
2 комментария
Шолпан · Июнь 10, 2025 в 2:29 пп
Педагогтардың біліктілігін арттыру курсы жоғары дәрежеде жан жақты қамтылып, түрлі әдістер көрсетілді. Келер курс оффлайн форматта болса, педагогтардың тәжирбе алмасуына қолайлы болар еді.
Мадина · Июнь 10, 2025 в 3:37 пп
Біліктілікті арттыру курсы жан- жақты аса тиянақтылықпен жасалған. Жеңіл түсіндірірілді. Барлық материалдар тақырыпқа сай жасалған. Курс үшін рахмет!!!